Білім

Теріскейлік 11 мұғалім Кембридж университетінің сертификатына ие болды

Ольга Тушинская – Педагогикалық шеберлік орталығының Петропавл қаласындағы филиалының директоры:

– “Clil” әдістемесі арқылы ұстаздар мектеп пәндерінің бірқатарын ағылшын тілінде жүргізуді меңгерді. Енді, олар осы жерде алған білімдері арқылы балаларды шет тілінде оқытатын физика, химия, биология пәні мұғалімдеріне көмек көрсетіп, нұсқау бере алады. Сертификаттарды алар алдында студенттеріміз емтихан тапсырды. Сынақтан мүдірмей өткендерге куәліктер тапсырылғалы отыр.

Жалпы, бүгін халықаралық сертификатты өңірдің 11 ағылшын тілі мұғалімі алды.

Көптен күткен куәлігіне облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының ағылшын тілі мұғалімі Сәуле Смаилова да қол жеткізді. 12 жылдык еңбек өтілі бар маман емтиханды ең жоғарғы 4-тік бағаға тапсырыпты. Білікті ұстаз курста алған білімін оқушылардың бойына сіңіруге дайын.

Сәуле Смаилова – Облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының ағылшын тілі мұғалімі:

– Оқу қиын болды. Мамандармен бірлесе жұмыс істеп, біліктілігімізді арттырдық.

Шара барысында, ұстаздар қауымы Тілдік мектептер консорциумының мамандарына алғыстарын білдірді.

Тілдік мектептер консорциумы келері жылы да теріскейлік ағылшын тілі пәні мұғалімдерін оқытуға әзір. Курсқа қабылдау жоспар бойынша қыркүйек айында басталады.

 

Култанов Байболат