Қоғам

Өңір католиктері раждествоны атап өтті

Анатолий Залезецкий:

– Күнде таңертең 9-ға қарай шіркеуге соғуды әдетке айналдырғанмын. Зейнеттемін. Қарттық келе жатыр. Бар ойым жан дүниемді тазартуды. Ұрпақтарым да құдайға сеніп, таза адал болса екен деймін. Сондықтан бүгін ұлы Рождество мейрамын қарсы алуға ұл-қызымның бірін қалдырмай алып келдім.

Бүгін Солтүстік Қазақстанда “Святая Троица” рим-католик шіркеуінен бөлек тағы онға жуық храмда құлшылық жүруде. Рождество – католик сеніміндегі христиандардың ең ұлық мерекесі. Бұл ретте жиылғандарға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың құттықтауын орынбасары жеткізді.

Мадияр Қожахмет, СҚО әкімінің орынбасары:

– Бүгінгі үлкен жарқын Рождество Хрестово мерекесімен құтты болсын. Біздің өңірде ел бойынша католик шіркеуі ең көп орналасқан. Мұның өз кезегінде мемлекеттегі бейбітшілік пен келісімнің нығаюына елеулі үлесі бар. Бүгінгі мейрам ерекше қуанышқа толы. Өңір католиктерін облыс әкімінің атынан құттықтаймын. 2017 жылы өңіріміз еліміз үшін молшылыққа, жетістіктерге толы болды. Келер жылы да табыстар тілеймін.

Түнгі тоғыздан Исус Христосты қарсы алу литургиясы басталды.

Томаш Якубчак, «Святая Троица» рим-католик шіркеуінің настоятелі:

– Бұл – Исус Христостың дүниеге келген уақыты. Барлық құдайға сенетін жандар үшін жақсылықтың мейрамы. Бұл күні біз құдайдың дүниеге келген күнін еске аламыз. Осыған орай, Исустың оралуы туралы литургиялар оқимыз. Ал, мерекенің өзі екінші күні тойланады.

Жиылған католик жамиғаты бірін бірі рождествомен құттықтап, бейбітшілік пен татулық тілеп жатты.

 

Акбопе Танирберген