МТРА жаңалықтары

Елдің қамын жеген шаруашылық

Қазір балалар концертке дайындық үстінде. Бұрын болмаған шығармашылық даярлық залын жасақтауға осыдан 4 жыл бұрын жергілікті «Раисовское» серіктестігі көмектесіпті. Ал, одан бір жыл бұрын мектептің шатырын аустыруға 18 млн теңге бөлсе, кейін 140-тан астам пластикалық терезе салуға 9 млн теңге бөлген екен.

Гаухар Кушербаева – Раисовка орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ғ.Мүсірепов ауданы:

–  “Раисовское” ЖШС-гі мектептің дамыуына жыл сайын қаражат бөліп отырады.

Жалпы «Раисковское» кәсіпорын өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Жыл сайын арпа, бидай, рапс, қарақұмық, жасымық, зығыр және күнбағыс өсіреді. Ағымдағы жылы орташа есептегенде бидайды гектарына – 13 центнерден, ал зығырды 6 центнерден жинаған. Бұл серіктестіктің басшылығы ауыл шаруашылығымен қатар, туған ауылының дамуына да сүбелі үлес қосуда.

Валерий Андреев, «Раисовское» ЖШС директорының көмекшісі, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Бұл жерді көріктендіру мақсатында көп жұмыс атқарылып жатыр. Жарықтандыру, асфальт төсеу, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың тұрғызылуы – осыған дәлел. Алдыңғы жылы біз хоккей алаңының құрылысын аяқтаған едік. Енді осы жерде хоккейшілер мен конькишілер жаттығатын болады.

Сондай-ақ, «Раисовское» ЖШС демеушілігімен ағымдағы жылы ауылда орталық су құбыры тартылды. Ал, келер жылы жолдарды жөндеп, мәдениет үйін салуды жоспарлауда.

 

Мағжан Ахмадина