Денсаулық сақтау

Жеке кәсіпкерлер өзі үшін медициналық сақтандыру қорына төлем жасаудан 2 жылға босатылды

Мұрат Жәкенов – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:

– Жұмыс берушілер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді. Ол 2018-2019 жылдары жалақының 1,5 %-ын құрайды. Қарамағында жалдамалы ұмысшылары бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары да жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

Осы тұста жеңілдетілген декларация негізінде салық режимін пайдаланатындар үшін аударымдар келесі жылға қалдырылғанын айта кеткен жөн.

Мұрат Жәкенов – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:

– Жеңілдетілген декларация негізінде салық режимін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер желтоқсан айының жарнасын 2018 жылдың қаңтарында төлей алады. Әдетте салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі 2-ші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс.

Қазіргі таңда өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарының 58-і медициналық сақтандыру қорының бірыңғай реестріне енгізілді. Енді олар мемлекеттік тапсырысты алу мүмкінідігіне ие.


Берік Қасен