Ауыл шаруашылығы

Прокурорлар ауыл шаруашылығындағы қаржының жоспарға сай игерілуін тексерді

Гүлмира Бопанова,СҚО прокурорының көмекшісі:

– Заңбұзушылықтардың қатарында субъектілерге негізсіз қаржы бөлу, статистикалық есептегі қателіктер, қажетті құжаттардың толық болмау фактілері кіреді.

Осының кесірінен мемлекетке 550 млн тгнің нұқсаны келтірілген. Прокурорлар жартысынан көбін қайтарып алды. Сондай-ақ, тексеріс қорытындысы бойынша 13 қылмыстық іс қозғалып отыр. 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын прокурорлар спутниктіктік фотосурет арқылы бақылап отырады. Бұл шаралардың нәтижесінде 15,5 мың гектар жердің қажетінше қолданылмағаны анықталды. Оның ішінде мемлекеттік қаржыдан бөлінген 7 млн тг де бар. Жалпы 11 кәсіпкерлік жауапкершілікке тартылған. Заңбұзушылықтың басым бөлігі мал шаруашылығына қатысты.

Гүлмира Бопанова, СҚО прокурорының көмекшісі:

– Ақжар ауданында 2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін небәрі 4 ауылшаруашылық кооперативі ашылған. Қазіргі уақытта кооперативтерге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың тарапынан алаяқтық белгілері байқалды. Сонымен қатар, мәліметтерді асыра жазу фактісі тіркелген. 06:10 Тексеріс барысында кей тұрғындар өздерінің қандай да бір жұмыс орнына алынғандығынан және малдарының жеке кооперативке ауысқанынан бейхабар болған.

Ал Тайынша ауданының кәсіпкері алаяқтығы үшін 5 жылға тордың ар жағына қамалды. Тексеріс барысында, оның тек қағаз жүзінде ғана кәсіп ашқаны анықталды. Бұл кәсіпорында 100-ге жуық адам тіркелгенімен, тиісті жұмыс атқарылмаған. Нәтижесінде кәсіпкерлік мемлекетке 18 млн. теңгенің залалын келтірді деп айыпталған.

 

Молдир Макишева