Қоғам

Облыс орталығында отбасы тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі:

– Елбасы әр уақытта ұрпақ тәрбиесіне, отбасы және демография саясатына аса назар аударады. Тәуелсіздік жылдары еліміздің жетістіктері мен табыстарына әр отбасының қосқан үлесі мол.

“Отбасы” монументтің авторы – Светлана Брютова . Мүсінші туындыларын темір бетоннан жасаған.
Монументтің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимараты алдына орналасуы кездейсоқ емес. Аталмыш ведомство жанұялар мен балалардың заңды мүдделерін қорғайды.

Бұл шара “Отбасы -Қазақстан қоғамының негізі” тақыбырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Мәжілісте университет оқытушылары, түрлі ұйымның өкілдері отбасы құндылықтары жайында сөз қозғады.

Амангелді Иманов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ деканы:

– Мен университет студентері арасында отбасындағы дәстүр жайлы сауалнама жүргіздім. Көпшілігі отбасы құндылығы ұғымын тереңінен түсінбейді. Қазіргі таңда жаңадан отау құрғандар ата-аналарымен ортақ тіл табыса алмай жүр. Сұрасам біздің түсінігіміз басқа, жас айырмашылығымыз үлкен деп жауап береді.

Конференцияға қатысқандар тәлім-тәрбиенің барлығын жанұядан бастаған жөн деп санайды. Балаға айтылған сөз бен үлкендердің іс- әрекеттері болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізбей қоймайды.

Берік Қасен