Құқық қорғау органдары

Немересін пешке жағып жіберген әжеге қатысты алғашқы сот отырысы өтті

Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан жағдай Мамлют ауданындағы Дубровное елді-мекенінде 6 қарашада болған. Айыпты Любовь Русалиева қызы Олеся мен 9 жастағы үлкен немересін дәл осы күні кешкі алтылар шамасында нан әкел деп дүкенге жіберіп өзі шақалаққа қарайлап қалған. Бірақ, нан ала келген жас ана шақалақты бесігінен емес, жанып жатқан пештің ішінен тапты.

Олеся Грудинская, жәбірленуші:

– Бос бесікті тербетіп отыр екен. Баламды іздеп далаға атып шықтым. Бірден үсіп өлсін деп сыртқа лақтырды екен деген ой келді. Үйге қайта келсем пештен еттің иісі шығады. Плитадан баланың қолдары шығып жатты. Суырып алдым. Бала ұйықтап жатқан, жылап мазасын алатындай да болған жоқ. Сотталушы әйел – менің туған шешем бұған дейін тек көмектесіп, балам үшін барлығын жасайтын еді.

Күйеуімен айырылысқан Олеся қызын құрсағында көтеріп, ұлын жетектеп шешесіне пана іздеп келген. Жасанды түсік жасатуға кешіккен қызына “Немеремді өзім өсіріп, жеткіземін” деп басу айтқан зейнеткердің бұл ісіне сену қиын. Сарапатама қорытындысы – айыпталушының еш психикалық ауытқулары жоқтығын көрсетіп отыр. Айыбы – ащы суға әуес болғандығы

Любовь Русалиева, сотталушы:

– Кінәмді толық мойындаймын. Қызым мен немеремнің алдында айыптымын.

3 апталық Валентинанының денесі толық күйіп оқиға орнында қайтыс болды. Мұндай ауандыққа жол берген 62 жастағы әйелге туған қызы кешірім бермеймін деп отыр.

Олеся Грудинская, жәбірленуші:

– Мұндайды ешқашан кешірмейді. Ең ауыр жазаны сұраймын.

Бұл жолғы сот тыңдауында тек жәбірленуші мен куәгерлер сөйледі. Ал, айыпталушы келесі отырыста тыңдалатын болады. Анығы іс ҚР ҚК 99 бабы 2 тармағының адам өлтіру, қорғансыз жанды қасақана өлімге итермелеу, кәмелеттік жасқа толмаған адамды аса ауыр түрде өлтіру бөлімдері бойынша қозғалған.

 

Акбопе Танирберген