Спорт

Волейболдан Қазақстан чемпионаты жалғасуда

Екінші периодта ойын қыза түсті. Екі команда да бір-біріне айтарлықтай қарсылық танытты. Десе де, “Қарағанды” құрамасы есесін қайтаруға асық. Ала допты қолында ойнатқан қыздар бірінен соң бірі соққы жасауда. Осы жолы қарағандылықтардың жолы болды.

Ботакөз Арысбаева – чемпионатқа қатысушы, Қарағанды қаласы:

– Волейбол командалық ойын болғандықтан оның нәтижесі топтағы әрбір спортшының өнеріне тікелей байланысты. Алғашқы периодта “Жетісу” командасынан ұтылып қалдық. Енді қателіктерге жол бермей, жеңуге тырысамыз.

Петропавлда өтіп жатқан турнирде 8 команда бас қосты. Жалпы волейболдан чемпионат Қазақстанда осымен 26-шы рет өткізіліп отыр.

Павел Патраков – чемпионаттың бас төрешісі:

– Қазір Петропавлда қыздар арасындағы чемпионаттың 2-ші кезеңі өтіп жатыр. Үшінші тур Павлодар қаласында ұйымдастырылмақ. Әзірге, чемпионаттың нәтижесі бойынша көш басында – “Алтай” құрамасы. Жалпы ойыншылардың жас ерекшелігіне шек қойылмаған. Қатысушылардың бәрі волейболмен кәсіби түрде айналысады.

Бүгінгі ойын нәтижесі бойынша “Жетісу” командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Молдир Макишева