Бизнес және экономика

“Рухани жаңғыру” мақаласы аясында кәсіпкерлер арасында өткен байқау қорытындыланды

Тағы, “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында Елбасы еліміздің киелі жерлерін көпшілікке таныту қажеттігін жазды. Көрмеде өңіріміздің қасиетті орындарын бейнелейтін макеттер де тұр. Оған қоса, маңызды құжаттар, ескі кітаптар мен латын, араб тілдерінде басылған газеттер де бар. Құнды дүниелерді тамашалаған келушілер акт залына кірді. Мұнда Президенттің бағдарламалық мақаласы аясында жерлестердің форумын өткізу туралы айтылды. Жиынға теріскейде туылған танымал жандар шақырылмақ.

Нұрсұлу Бөкетова – «Лингва» тіл жəне аударма институтының ректоры, Қарағанды қаласы:


–  Әр адам өзінің туған жеріне игі іс жасауы керек. Осы орайда мен бір кездері ата-бабам қоныстанған, ағам Евней Бөкетов туған Шал ақын ауданындағы Бағанаты ауылын қайта қалыпқа келтіргім келеді. Ол елді мекенде қазір 15-ақ үй бар. Тағы, Сергеевка қаласында бұзылып тұрған нысанды жөндеп, баспанасы жоқ жандарға бергім келеді. Форумға қатысатын әрбір адам осындай жұмыс тындырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жоспарға сай ауқымды форумға айтарлықтай көп жерлесіміз қатыспақ. Сол себепті, шараға дайындықты бүгіннен бастау маңызды. Сонымен қатар, бүгінгі жиында “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы негізінде ұйымдастырылған “Үздік кәсіпкер” байқауының қорытындысы жария етілді.

Биыл байқауға 55 теріскейлік қатысыпты. Конкурс жас кәсіпкер, отбасылық кәсіп, үздік іскер әйел сынды 5 аталым бойынша ұйымдастырылған. Шара барысында 10 жеңімпаз анықталды.

Құралай Жарова – СҚО туризм және кәсіпкерлік басқармасының басшысы:


–  2083 Барлық жеңімпаздар белгілі бір талаптар бойынша іріктелініп алынды. Негізінен қатысушылардың бизнеспен неше жылдан бері айналысатындығы, өнім көлемінің ұлғаюы мен жұмысшылардың саны назарға алынды.

Бұған қоса, байқауда теріскейлік іскер жандардың қайырымдылықпен айналысуы ескеріліпті. Айта кетейік, биыл кәсіпкерлер сауабы мол шараларға ат салысып, 830 млн теңге ақша бөлген. Келер жылы бұл қаржы 2 млрд теңгеге жетпек. Конкурста “Үздік бастама” аталымында Ақмарал Жақыпова басқаратын “Korn” ЖК жеңімпаз атанды. Кәсіпорын есік, терезе мен жиһаз шығарады.

Ақмарал Жақыпова – “Korn” ЖК директоры, Есіл ауданы:

– Біздің кәсіпоры 2 жыл бұрын ашылды. Осы уақыт ішінде аяққа нық тұрдық.

Ал, байқаудың басты жеңімпазы болып “Визави” компаниясы атанды. Айта кетейік, өңірімізде “Үздік кәсіпкер” сайысы дәстүрлі түрде 15-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

 

Байболат Бектемірұлы