Қоғам

Борышкерлерге шетелге шығар жол жабық

Ардақ Кәлкенов – СҚО Әділет департаменті жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлім филиалының аға сот орындаушысы:


–  Бұл шара 10 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді. Бірнеше рет өзгретулер енгізілді. Соңғы өзгерту үзтіміздегі жылы орын алды. Яғни, былтырлары кез-келген қарызы барлар шетелге шыға алмаса, қазір сот шешімі бойынша қарызы 20 АЕК-тен асып кеткен жандарға ғана, тағы өндіріп алушының арызы негізінде қолданылады. Бұл ақпарат шекара қызметінің «Бүркіт» базасында шығады. Ал олар Қазақстаннан шыққалы жатқан борышкерді қарызын өтегенше жібермейді.

Ал бауыр еті балаларына алимент төлеуден жалтарып жүргендерге бұл әдіс керісінше қатайтылған екен. Көкек ата-аналар балғындарына 3 ай ақша беруден қашса, бірден шет елге шыға алмайды. Сондықтан әсіресе, мерекелер қарсаңында шекара асуды жоспарлап қойсаңыз, қарыздардарыңыздың бар жоғын тексеріп, болса өтеп, тек сосын жолға шыққан абзал.

Ардақ Кәлкенов – СҚО Әділет департаменті жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлім филиалының аға сот орындаушысы:

 


– Егер шекара асқыңыз келсе, онда қарыздың бар жоғын тексеріп лаған жөн. Оны тіпті ешқайда бармай-ақ, үйде отырып, интернет арқылы баршаға қолжетімді «Борышкерлер реестрі» сайтына қарап білуге болады. Сол жерде барлық реквизиттер көрсетілген. Сол арқылы төлесе, бір тәуліктен кейін жасалған тыйым күшін жояды. Тағы егер шекараға барып қалсаңыз. Сонда қарыз бар екенін білген жағдайда, сол жерде орнатылған терминалдар арқылы өтеп, діттеген жерге еркін бара беруге болады.

Аталмыш тәсіл жауапсыз борышкерлерді тезірек тезге салуға ыңғайлы. Мұндай шектеу түрі әсіресе, теріскей сияқты шекаралас өңір үшін пайдылы дейді сот орындаушылары.

Мағжан Ахмадина