Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл темір жол вокзалы адам танымастай өзгермек

Биыл бір облыстың ғана көршілерімізбен тауар айналымы өткен жылғымен салыстырғанда 28 пайызға артқан. Тағы соңғы 5 жыл ішінде бірікен кәсіпорындар саны 40 пайызға өсіп, 152-ге жеткен. Бұл әріптестікті одан сайын нығайа түсу үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Біз соңғы 2 жылда көліктік инфрақұрылымды дамыту үшін 3 есе артық инвестиция салдық. Қазір бұл сома 80 млрд теңгеге жетіп отыр. Қазір біздер Ресейге апарар жолдарды қалыпқа келтіріп жатырмыз. Сондықтан бұл талаптарға темір жолдар да сай келсе екен дейміз. Оңтүстік Орал темір жолының біздер үшін маңызы зор. Өйткені солар арқылы біздің жүк тасымалы жүргізіледі. 2017 жылдың 11 айы ішінде 792 мың тоннаға жуық тауар жөнелтілсе, тағы 682 мың жолаушы осы бағыт бойынша жүріп өткен. Сондықтан қызмет көрсету сапасы да жақсарса екен дейміз.

Әрине, Петропавл вокзалында болған кез келген жолаушы мұндағы олқылықтарды жақсы біледі. Сөмкені арқалағандар сол бойы 2-ші, 3-ші қабаттарға жаяу көтеріледі. Өйткені мұнда, эскалатор жоқ. Тағы түзетуді қажет ететін бірқатар шаралар жайлы кездесуге қатысқан Оңтүстік Орал теміржол вокзалының басшылығы айтты.

Виктор Попов – «РТЖ» ААҚ филиалы Оңтүстік Орал теміржол вокзалының бастығы, РФ:

– Біздер үшін Петропавлдық бөлімшенің маңызы зор. Сондықтан біздер алдағы уақытта ауқымды қалыпқа келтіру жұмыстарын қолға алмақпыз. Сөйтіп, 2018-19 жылдары жөндеу шараларын жүргізіп, вокзал адам танымастай өзгереді. Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін эскалаторлар мен жеделсатылар орнатып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жағдай жасаймыз. Жоба қазір әзірлену үстінде.

Тағы алдағы уақытта вокзал маңы да қалыпқа келтіріліп, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатындар болмайды. Кейін сөзден іске көшкен қос тарап осы шаруаны қарастырған меморандумға қол қойысты.

Мағжан Ахмадина