Қоғам

Петропавлда Тәкелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін күн суық. Бірақ, бұл теріскейліктер үшін қолайсыздық танытпайтындығы байқалып тұр. Олардың көңіл күйлері ауа райынын салқындығына қарамастан жадыраңқы. Өңір тұрғындары сахнадағы өнерпаздармен қосыла ән шырқап, би де билеп жатыр.

Топ ішінен ерекше сәнді үлгіде киінген Еңгілік Нұрмұқанова бірден көзге түседі. Нәзік жанды ою өрнекпен безендірілген көк түсті бас киімі мен мойынорағышын өзі тоқыпты. Қолында ұстаған жалаушылары да бар. Жерлесіміз әр мерекеде осылай орталық алаңғы шығуды дәстүрге айналдырған екен.

Еңгілік Нұрмұқанова – қала тұрғыны:

– Өзім 3 жыл әр мерекеде алаңға шығамын. Киімді Тұңғыш Президент күніне арнайы тіктім. Сол мейрамға да киіп шыққан болатынмын.

Концерті тамашалауға келген басқа да тұрғындар да Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің келешегі жарқын болсын деп тілектерін білдіруде.

– Еліміз талай қиындықтан өтті. Сол ауыр күндерді артқа тастап жақсы өмірге аяқ бастық. Тәуелсіздігімін мәңгілік болсын.

– Көңіліміз көтеріңкі. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын.

– Қазақстан 26 жыл ішінде дамыды. Қазір елімізді әлем біледі. Осы қалпынан таймай алға жылжи берсін.

Мерекелік шара барысында 20-дан аса қазақ, орыс тілдеріндегі әндер шырқалды. Жалпы, Тәуелсіздік күніне арналған концерт шамамен 1 жарым сағатқа созылды.

 

Култанов Байболат