Қоғам

Тәуелсіздік күні қарсаңында СҚО сотында салтанатты жиын өтті

Мүбарак Рамазанов – Тайынша аудандық сотының төрағасы:

– Сот саласына келгеніме 24 жыл болып қалды. Еш өкінген емеспін. Жұмысымыз оңай емес, себебі адамның тағдырын шешу керек.

Ал №2 Айыртау аудандық сотының төрағасы Қанат Әбубәкір болса Сульялар одағының құрмет грамотасына ие болды. Төрағалық лауазымға ол осыдан екі жыл бұрын ғана тағайындалған. Алайда аз уақыт ішінде ерен еңбегімен көзге түсіпті.

Қанат Әбубәкір – №2 Айыртау аудандық сотының төрағасы:

– Марапат алып жатқаныма қуаныштымын. Сот саласында 20 жылдан аса уақыт жүрмін, судья қызметінде 15 жылдай.

Шара өңірлік филармония әртістерінің әуезді концертімен жалғасты. Бүгінде облыстық сотта 100-ден аса фемида өкілі қызмет етеді. Жыл басынан бері олар 37 мыңнан аса қылмыстық, азаматтық және экономикалық істерді қараған.

 

Саят Ермек