Мәдениет

Петропавлдық балалар “Щелкунчик” ертегісін тамашалайды

Роман Лахтин, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:

– Шелкунчик – сүйкімсіз, ағаш ойыншық. Бірақ, жүрегі үлкен, ғашығы бар. Ал махаббат зұлымдықты әрқашан жеңіп шығады. Мен барлық ұлдар оған ұқсағысы келеді деп ойлаймын. Қойылым барысында адамдар әб сәтте өзгеріп, сахнада алып тышқандар жүгіріп жүреді. Балалар қызыға тамашалайды деген ойдамын.

Дайындық барысында ертегі бізді де баулап алды.

Басты кейіпкер Мариді – Валентина Гронская сомдайды. Бұл театрға 4 ай бұрын орналасқан 21 жастағы жас актрисаның еңбек жолындағы алғашқы үлкен рөлі.

Валентина Гронская, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы:

– Мари – Нәзік әрі қыңыр қыз. Кейіпкер өзіме ұқсағандықтан сомдау қиын емес. Балаларға менің көйлегім мен ізіме түсетін алып тышқандар ұнайтын сияқты. Түсімде армандарым орындалып, әке-шешем де патша мен патшайымға айналады. Шелкунчик мені құтқарады. Оянғаннан кейін де бақытқа қол жеткіземін.

мына шеберхана әртістердің кез-келген кейіпкерге оңай айналуы үшін үлкен рөл атқарады. Тігіншілер “Шелкунчик” қойылымына қажет костюмдердің 40 пайызын дайындап қойған.

Мұнда үш тігінші бар. Қойылымның премьерасы жақындаған сайын олардың да жұмысы қыза түскен.

Ақбөпе Тәңірберген,тілші:

– Қойылымда 11 әртіс ойнайды. Бірақ 15 костюм керек. Себебі бір ғана Маридің өзі үш көйлек ауыстырады. Қазір щелкунчиктің костюмі дайын болып қалды. Тігіп шығу үшін 2-3 күн керек екен.

“Шелкунчик” ертегісінің тағы бір сырын театрдың қоюшы-режиссері Тимур Кәрімжанов ашты. Сиқырлы қойылымда көртішқан рөлін сомдайтын 5 әртістен бөлек кәдімгі тірі тышқан да қолданылады екен. Бұның балаларға ұнайтыны анық.

Тимур Кәрімжанов, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының қоюшы режиссері:

– Ертегіге жазылған пьессалар көп. Оның ішіндегі “Кокатук жаңғағының құпияларына” тоқталдық. Заманауи, сюжеті қызық. Балаларға ұнайды. 3 жастан асқан балаларға арналған . Жаңа жылдық атмосфераны жеткіземіз. Лед экран қолданамыз, жарқыраған шамдарды ойнатып, көлеңкелерді қолданамыз. Көңіл күй сыйлаймыз.

“Шелкунчик” ертегісінің премьерасы желтоқсанның жиырма үшінде өтеді. Осы күннен бастап 6-шы қаңтарға дейін қойылым күнделікті түскі сағат12-де қойылатын болады.

 

Акбопе Танирберген