Қоғам

Ағылшын тілін жетік меңгерген студенттер тіл сайысында сынға түсті

Айнұр Серік – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Мен тіл сайысына екінші мәрте қатысып отырмын. Былтыр қазылар алқасы маған 3-ші орынды берді. Биыл да жақсы дайындықпен келдім. 1-ші орынды алуға тырысамын.

Ұйымдастырушылар “Spelling bee” сайысы арқылы халық арасында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздейді. Бірнеше кезеңді қамтитын байқауда үміткерлер сөздерді дұрыс талдауы қажет болды. Тапсырманы қате орындағандары ойынан шығарылады.

Зарина Канафина – С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың қызметкері:

– Жарысқа 35 студент қатысуда. Кезеңдерден сәтті өткендер келесі айналымға өтеді. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші ойын иегеріне 30 мың теңге, кейінгі жүлделі орындарға 20 мың теңгеден үлестіріледі.

Сондай-ақ сайыс жеңімпазы мен жүлдегерлері келесі жылдың ақпан айында елордасы Астана қаласында өтетін тіл байқауына жолдама алады.