Спорт

Түнгі хоккей лигасы жалғасуда

Илья Воронов – “Добрая рать” ХК ойыншысы:

– Қарсыластарымыз мықты. Араларында Қазақстан лигасында ойнағандары да бар. Оларды жеңу қиынға соғатын секілді, бірақ үмітімізді үзбейміз. Әуесқой команда құрып, лигада ойнап жүргенімізге 3 жылдай болды. Финалға дейін әлі жеткен жоқпыз. Ағымдағы маусымда 15-ке тарта ойын өткіздік.

Алайда, Бескөлдік құраманың бағы жанбады. Ойын соңына дейін олар 8 бірде шайба өткізіп алды. Матч 8:5 есебімен, қызылжарлықтардың пайдасына шешілді. Еске сала кетейік, түнгі хоккей лигасы облыс орталығында ағымдағы жылдың қазанында бастау алған болатын.

Борис Скатов – жарыстың бас төрешісі:

– Жалпы лигаға 9 команда қатысуда. Бүгінге дейін 20 шақты ойын өтті. Үздік командалардан “Қызылжар”, “Добрая рать” пен “Авангард СК”-ны атап өтуге болады. Кейбір матчтар өте тартысты өтуде. Ойыншылар арасында жарақат алып жатқандары да бар. Кәдімгі кәсіби хоккей сияқты. Бірақ, мұндағы әрбір период 20 минут емес, 25 минутқа созылады. Жыл сайын хоккейді ойнауға құмартқандар саны ғана емес, олардың шеберліктері де артуда.

Лига аяқталған соң, барлық командалардың мықты ойыншыларынан облыс құрамасы жасақталмақ. Олар өңір намысын елордамыз Астанада келер жылдың сәуірінде қорғайтын болады. Ал, республикалық кезеңде жеңіске жеткендер Ресейдің Сочи қаласына халықаралық турнирге аттанбақ.

 

Эльмира Садвокасова