Мәдениет

СҚО филармониясының ұжымдары шетелде

Ақерке Мусалимова, СҚО филармониясы “Әдемі-ау” қазақ би ансаблінің бишісі:

– “Той думан” әнімен ашамыз. Келіншек, еркемай билерін билейміз. 3 минуттық билерді қосып, 15 минуттық композиция құрастырдық.

Расима Сучкова, “Әдемі-ау” қазақ би ансамблінің көркемдік жетекшісі:

– Қазақстаннан шақыртуды дәл біздің ұжымның алғаны қуантады. Бағдарлама ауқымды. Үлкен фестиваль өткелі жатыр. 30 күн бойы жұмыс жасаймыз, түрлі алаңдарда. Европа мен Азияның өнер ұжымдары түгел қатысады. Күніне 40 минуттан өнер көрсетеміз.

Филармония жанындағы тағы бір өнер ұжымы Қытайға шабадандарын жинап жатыр. 26-шы желтоқсанда “Әлқисса” фальклор-этнографиялық ансаблінің 18 әртісі жолға шығады. Аспан асты елінің Синьзянь автономиялық ауданында тұрып жатқан қандастырымызға ұлттық ән мен күйден базарлық алып барады. Бұл шара да Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Еліміздің мәдениет министрлігінің қолдауымен өтпек.

Саян Дүйсенов, СҚО филармониясы “Әлқисса” фольклор-этнографиялық ансамблінің домбырашысы:

– Қазақтың қара домбырасын, қобызы мен жетігенін алып барамыз. Қандастарымызға ұлттық ән мен жырдан шашу апара жатырмыз.

Тағы айта кетейін, еліміздің Тәуелсіздік күні шет мемлекеттердегі Қазақстан елшіліктерінде де атап өтіледі. Мәселен, облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Біржан Есжан ұлттық аспаптарды меңгерген өзге үш әріптесімен қазір Германияда жүр. Кеше Франкфуркте өнер көрсеткен олар 14-ші желтоқсанда Берлинде концерт қояды.

Акбопе Танирберген