Құқық қорғау органдары

Өңірдегі криминогендік жағдай бірқалыпты

Кейін мұражайды аралап, мұндағы экспонаттармен танысты. Жалпы биылғы жылдың 11 айында өңірде 6 мың 838 қылмыс тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға кем. Оларды ашу көрсеткіші де жақсарған. Қазіргі таңда бірнеше жыл бұрын жасалған заңбұзушылықтарды ашу деңгейі де ақсарыпты. Мәселен, 2017 жылы осындай 741 қылмыстың беті ашылған екен.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Тергеушілердің қарауында 14 мыңнан астам қылмыстық іс болды. Солардың 10 мыңға жуығы өндіріспен аяқталды. Жалпы үздіксіз алдын алу шараларының арқасында біздер биыл ауыр деңгейдегі қылмыстардың санын – 13,2 аса ауырларын – 1,8 пайызға қысқартуға мүмкіндік алдық. Тағы бопсалау – 20, қарақшылық – 39, алаяқтық – 48,5, зорлау – 22,9 пайызға азайды. Қоғамдық орындарда орын алатын заңбұзушылықтар – 14,5, бұрын істі болғандар жасаған қылмыстар – 33,3, ал мастықтың салдарынан орын алған заңбұзушылықтар – 7 пайызға төмендеді.

Өңірде ұрлық көрсеткіші – 25 пайызға азайған. Десе де, бұл қылмыс түрі теріскейде өзгелеріне қарағанда жиірек орын алады екен. Өзгенің мүлігін қолды қылу аймағымызда жасалатын жалпы қылмыстардың 60 пайызын құрайды.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Барлық жұмыстар өңірдегі криминогендік жағдайды жақсартуға бағытталған. Полицейлерге қылмыстарды ашуға жаңа технологиялар, оның ішінде бейнебақылау камералары жақсы көмектеседі. Бүгіндері өңірде сондай 641 құрылғы орныталған. Солардың 74-і Петропавлда орналасқан. Алдағы уақытта тағы 300-ден астам осындай қондырғыны орнатуды жоспарлап қойдық. Оларды алуға 300 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бір қуантарлығы бүгіндері ауылды жерлердегі кәсіпкерлер бейнебақылау камераларын орнатып жатыр.

Жиын барысында депутаттар өңірдің бас полицейіне өздерін мазалап жүрген сауалдарын жолдады.

Мадина Дәрібаева- облыстық мәслихат депутаты:

– Мен «Алтын бесік» балабақшасының директорымын. Айтқым келетіні, мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін нысан қаланың орталығында орнасалсақн. Десе де, қаңғыбастар көп жүреді. Кейде тіпті балабақшаның аумағына кіріп кетеді. Осы мәселені шешіп берсеңіздер екен.

Бұл сауалды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы бақылауға алатындығын жеткізді.

 

Магжан Ахмадина