Қоғам

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Алаш партиясының 100 жылдыына арналған көрме ашылды

Саят Ермек – тілші:

– Алаш қозғалысы, оның негізін қалаушылар және идеологтары, Алаш автономиясының құрылуы және Алашорда Үкіметінің атқарған жұмысы. Мұнда бәрі қамтылған. Экспонаттардың ішінде түпнұсқалар аз, көбі көшірмелер. Алайда, бұл Қазақстаның демократиялық мемлекет болып қалыптасуында үлкен рөл атқарған партияның жұмысы жайлы толық ақпарат беруге қауқарлы.

Бұл Алаш автономиясының астанасы – “Алаш” қаласының картасы. Ал мұнда оның туы орналасқан, партияның негізін қалаған азаматтардың суреттері де жоқ емес. Көрмеде партияға мүшелік еткен теріскейлік зиялыларға да ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасовтарға арналған жеке витриналар дайындалыпты.

Жансұлу Бикенова – СҚО тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі:

– Алаш. Бостандық хабаршылары” көрмесін ұйымдастырудағы мақсат партияның атқарған жұмысымен, оның жетекшілерімен таныстыру. Бұл көп жылғы еңбек. Экспонаттарды кітапханалардан, архивтерден жинадық, кейбірі мұражай қорынан алынды.

Қазақстанның автономия болуы, сайлау құқығы, сөз бен баспасөз бостандығы және аграрлық саясатты жаңғырту. Партияны құруда ұлт зиялыларының көздеген мақсаттары осы болатын. Ең қызығы бұл бағдарлама заманауи Қазақстанның ұстанып отырған саяси позициясымен біршама ұқсас.

Зәре Қартова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУдоценті, тарих ғылымдарының кандидаты:

– Тәуелсіз Қазақстанды – Алаш автономисяының тікелей мұрагері ретінде қарастыруымыз керек. Екі мемлекеттің де идеялық ұстанымдары бір біріне өте ұқсас.

Көрме келер жылдың ақпанына дейін жұмыс жасамақ.

Саят Ермек