Қоғам

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы үстіміздегі жылды қорытындылады

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімінің орынбасары:

– Н.Назарбаев ұлттық бірлікті нығайта түсу үшін Қазақстан халқы ассамблеясымен барлық мемлекеттік органдар күнделікті жұмыс істеуі керек деді. Елбасы қоғамдық институтқа жаңа міндеттер жүктеді. Оны бірі – “Рухани жаңғыру” мақаласын жүзеге асыру.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңір аумағындағы түрлі қоғамдық іс-шараларға белсенді ат салысады. Мәселен, биыл бұл ұйым өкілдері 2000-нан аса жиын өткізіпті. Оларға 250 мыңнан аса жерлесіміз қатысқан.

Наиль Салимов – СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Бүгінде өңірімізде 203 әтномәдени бірлестік құрылған. Олардың әр бірі түрлі тақырыптағы кештер өткізіп тұрады. Сонымен қатар, біз қайырымдылық шараларымен де айналысамыз. Мәселен, биыл 400 жерлесімізге қаржылай көмек көрсеттік. Оларға 9 млн теңге жинап бердік.

Ерең еңбектің бағаланар сәті келді. Қорытынды жиында қоғамдық іс-шараларға белсенді ат салысып жүрген 26 адам марапатталды. Оларға Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыс әкімінің құрмет грамоталары табысталды.

Облыс әкімінің құрмет грамотасымен Есіл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Бектасова да марапатталды. Нәзік жанды 2 жылдан бері аталған ұйымды басқарып отыр.

Айнагүл Бектасова – Есіл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы:

– Көптеген іс-шара өткіздік. Солардың бірі – “Ақ орамал” акциясы.

Тағы, форумда “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық және журналистер арасында өткізілген “Шаңырақ” аймақтың байқауының жүлгерлері марапатталды. Соңғы аталған конкурста біздің арнаның тілшісі Александра Салмина 3-ші орынға ие болды. Бұдан бөлек, жиын барысында “100 жана есім” жобасына енген 8 жерлесімізге құрмет көрсетіліп, шағын сыйлықтар табысталды. Шара соңы, концерпен аяқталды.

 

Култанов Байболат