ТЖ

Балықшылардың өмірі басты назарда

Владимир Иванчук – балықшы:

– Осы жерге түскі уақытта келдім. Біраз балық аулап үлгердім. Қыс кезінде -20 градусқа дейін аулаймын. Осы кәсіппен бұрыннан айналысатындықтан, қауіпсіздік ережелерін жақсы білемін.

Балықшылардан осы уақытта сақтық шараларын ұстану ерекше талап етіледі. Себебі мұз үстінде балық аулау өте қауіпті. Құтқарушылар шұңқырлардың ара-қашықтығы 6-7 метрден кем болмауы тиіс дейді. Әрі ондай жерлерде топпен жиналуға болмайды. Әйтпесе, балықшылардың суға кетуі ғажап емес. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында құтқарушылар Есіл өзенінің бойында кезекті рейд өткізді. Шара барысында құтқарушылар балықшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратты.

Виктор Держанский – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары:

– Бүгін біз балық аулайтын орындарды аралап, тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргіздік. Жалпы өзеннің бетіне шығу үшін мұздың қалыңдығы 10 см-ден аз болмауы тиіс. Қала тұрғындарын сақ болуларын сұраймыз.

Абырой болғанда жыл басынан балықшылардың суға кету оқиғасы тіркелмепті.

 

Молдир Макишева