Аптадағы маңызды жаңалықтар

Алғашқы кадеттік сынып ашылды

Диана Қазиева – Бескөл орта мектебінің оқушысы:

– Мен кадеттік сыныпқа оқуға келгеніме қуаныштымын. Маған ұнайды. Біз түрлі жаттығуларды жасаймыз. Қару жарақты жинаймыз. Өте қызықты.

Кадеттік сыныптың қатарын Аслан Оралбай да толықтырды. Ол келешегін әскери саламен байланыстырғысы келеді.

Аслан Оралбай – Бескөл орта мектебінің оқушысы:

– Маршировка жасаймыз. Қаруларды жинап, шашуды үйренеміз.Менің атам соғысқа қатысқан. Атам сияқты болғым келді.

«Сардар» деп аталатын бұл сыныптың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі Болат Жұмабеков жасөспірімдердің Отанын қорғар нағыз патриот болып өсетіндігіне сенімді.

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:

– Аудан орталығында кадеттік сынып ашылуы уақытылы жасалған деп ойлаймын. Сынып оқушылар ертеңгі күні Қарулы күштердің қатарына қосылып, нағыз патриот болады деп сенім білдіремін.

Жиында жасөпірімдер еліне адал қызмет етуге ант берді.

30 оқушы енді мектептегі сабақтан бөлек әскери дайындығын да пысықтайтын болады.

Руслан Қапаров – Қызылжар аудандық білім бөлімінің әдіскері:

– «Рухнаи жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған сыныптың оқушылары 5 күн әскери сала тарихын меңгеріп, радиотелеграф, дене шынықтыру және саптық дайындықтарын пысықтаса, сенбі күні олар әскери институт қабырғасында алған білімдерін практикалық түрде шыңдайды. Келер жылы да алтыншы сыныпқа оқушыларды қабылдаймыз. Сөйтіп, жалғаса береді. Бұл балғындар мектеп бітіргенше осы сыныпта оқи алады.

Оқуды аяқтаған соң оқушыларға сертификаттар табысталатын болады. Оның көмегімен жасөспірімдер келешекте әскери жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады.

 

Магжан Ахмадина