Білім

“Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өтті

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– Бүгін петропавл қаласының барлық оқушылары “Жас ұлан” жасөспірімдер ұйымына қабылдануда. Іс-шара барысында 2017 жылғы үздік “Жас ұлан” және “Жас қыран” ұйымдары марапатталады.

Ұйымға мүшелікке өтемен деген оқушылардан оқуда озат және қоғамдық өмірде белсенді болу талап етіледі. Сондайларлың бірі 6-шы орта мектебінің оқушысы – Балғынбек Садуов . Қазір 8-ші сыныпта оқиды. Оқу екпіндісі қоғамдық өмірге де белесене араласады. Әсіресе, спорт саласындағы жетістіктері молынан. Ол каратэдан қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Балғынбек Садуов – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушысы:

– Мен “Жас ұрпақ” құрамына мүше болу үшін көп еңбектендім. Сабағымды жақсы оқимын. Спортпен де айналамын.

Ұйымға қабылданғандарға арнайы төс белгілері мен көк галстук табысталды.

Сонымен қатар, салтанатты шарада “Үздік Жас ұлан ұйымдастырушысы” номинациясы бойынша белсенді мектеп ұжымдары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Молдир Макишева