Қоғам

“БЖЗҚ” АҚ СҚОФ ашық есік күні өтті

Мадина Оринкина:

– Мені қызықтырғаны – жалақымнан бөлінетін ақшамыз расымен зейнетақы шотында сақтала ма? Сұрағыма тұшымды жауап алдым. Жиналған соманы зейнет жасына жеткеннен кейін қосымша келісімшарт жасасу арқылы ай сайын алып отырады. Егер ол азамат тиісті қаражатын алып үлгермеген жағдайда, мұрагерлеріне берілетін көрінеді.

Жиылғандар бұдан өзге де көкейдегі сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Шара “Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік” тақырыбында өтуде. Салымшыларға қорда орын алып жатқан жаңашылдықтар жайы түсіндірілді.

Ғалия Мұқанова, “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– ҚР заңының 5-ші бабына сәйкес азаматаррдың зейнетақысы кепілдендіріліеді. Оны зейнет жасына жеткен жандар, 1-2-3 топ мүгедектері және ел аумағынан тыс жерге көшкендер ала алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында мұндай ашық есік күні ай сайын өткізіледі. Шара арқасында тегін кеңес алып, зейнетақы жүйесіне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік бар.

 

Акбопе Танирберген