МТРА жаңалықтары

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

– 2018 жылы өңірдің білім саласына 47,2 млрд теңге бөлу жоспарланған. Соның ішінде, Петропавлдағы “Орман” ықшам ауданындағы 140 орындық балабақша және Жәлел Қизатов көшесіндегі 90 орындық балабақшаның құрылыстарына қажетті 221 млн теңге толығымен өңір қазынасы есебінен салынбақ.

Жоспар бойынша облыстың денсаулық сақтау саласына 2,5 млрд теңге бөлінбек.
Қаражат тұрғындарды қажетті вакцина, дәрі-дірмектермен қамтуға, аудандық ауруханалардың матераилдық базасын жаңартуға, білікті мамандарды даярлауға жұмсалады. Республикалық бюджеттен тағы 710 млн. теңге көлеміндегі трансферттер де қарастырылған. Ал халықты әлеуметтік қорғау шараларына 5 млрд теңге жұмсалмақшы. Келесі жылы мәдениет саласына да қомақты қаражат бөлінбекші.

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

– 2018 жылы өңірдің мәдениет саласына 4,8 млрд теңге бағытталмақшы. Жалпы соманың 4/1 бөлігі 32 мәдениет ұйымының жұмысына жұмсалады. 2 млрд теңгені облыс орталығында тұрғызылатын 500 орындық қазақ театрының құрылысына бағыттау көзделген.

Өзге қаражат спортты, тілдерді дамытуға, жастар және қоғамдық ұйымдарға бөлінбекші. Облыстық мәслихаттың депутаттары 2018 жылға жоспарланған облыстық бюджет жобасымен танысып, оны бірауыздан бекітті.

Сессия барысында мәдениет ғимараттарын қалыпқа келтіру жайы сөз болды.
Отырыс соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров бірқатар депутатты өңір басшысының Құрмет грамотасымен марапаттады. Биыл облыстық мәслихаттың депутаты Сеиілбек Махметов 60 жасқа толды. Ал Серік Ахметбеков 50-ге келген.

Берік Қасен