Мәдениет

Жас таланттар “Таңшолпан” фестивалінде бас қосты

Карина Ашкенова – “Алтынай” халықтық ансамблінің мүшесі, Уәлиханов ауданы:

– Конкурс өте қызықты басталды. Бұл байқауға бір ай көлемінде дайындалдық. Бүгін жеңістен үміттіміз.

Ал Нұрайым Сатина “Алматының түндерін” қобыздың сүйемелдеуімен орындап шықты. Оның репертуарында ұлттық туындылардан бөлек, заманауи шығармалар да бар. Құдіретті аспапқа бала кезінен әуес екен. Бойжеткен қазақтың ұлттық өнерін өрбітуге үлес қосып, болашақта атақты музыкант болсам деп армандайды.

Нұрайым Сатина – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:

– Қобыздың басқа аспаптардан ерекшелігі- оның әуені.

“Таңшолпан” байқауы – талантты өрендердің бағын ашатын байқау. Бүгін бұл фестивальге өңірімізден 5 пен 18 жас аралығындағы 80-нен аса жас дарын жиналған.

Жәмила Құжұмбаева- облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

– “Таңшолпан” қазақ мәдениетінің облыстық фестивалі бұл жолы Елбасымыздың “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында өтіп жатыр. Байқаудың мақсаты – жастар арасында қазақтың мәдениетін насихаттап, қатысушылардың өнерін бағалап, ерекше таланттарды іздеу. Жалпы бұл фестиваль дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп отырады.

Сонымен қатар, өнерпаздар жиналғандарды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырып, би де биледі. Әсіресе кішкентай бүлдіршіндер көз сүйсіндірер қимыл қозғалыстарымен көрермендерді баурап алды.

“Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” демекші, сайыстың аты сайыс. Біреудің бойда бар таланты, біреудің тынымсыз еңбегі басым болып, өз дәрежесіне сай сараланып, тек үздіктері марапатқа ие болады.

Молдир Макишева