Спорт

Петропавлда халықаралық “Степ файтерс” турнирі өтті

Тастанбек Есентаев, ҚР кикбоксинг федерациясының президенті:

– Бұл байқауда 7 жұп қатысуда. Арасында степ файтерспен бұрыннан таныс спортшылармен қатар, бірінші рет қатысып отырғандар да бар. Ресей мен Өзбекстаннан келген спортшыларға қарсы кездесулер бүгінгі турнирде маңызды сәттер болып саналады.

Қызыл киімдегі – петропавлдық Адам Магаев Қостанайдан келген Накита Машадиевке қарсы кездесу өткізуде. Екеуі де фулл-контакт бөлімінде. Жергілікті спортшы соққыларын бар қарқынмен бағыттауда.

Магаевтің қарсыласы қорғанып бақты. Осылайша уақытты созуда. 3 раунд бойы соққылары дәл тиген жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Әр кездесу 2 минутқа жалғасты.

Адам Магаев, турнирге қатысушы:

– Қарсыласым мықты әрі бойы да биік. Сондықтан, біраз айла-амалдарды қолдануға тура келді. Бірінші, соққыларды денесіне, кейін басына бағыттадым. Негізі жаттықтырушының ұсынған жоспары осындай еді.

Әр жұптың ішінен жеңгендері “степ файтерс” кубогын алды. Кездесудің келесі кезеңі 17 желтоқсан күні Киевте өтеді.

 

Акбопе Танирберген