МТРА жаңалықтары

Елорданы Астанаға көшіру туралы шешімнің қабылданғанына – 20 жыл

Азат Мұхамеджанов – Қызылжар аудандық “Жас Отан” ЖҚ мүшесі:

– Бүгін айтулы күн. Осыдан 20 жыл бұрын қазіргі Астанамыз Алматыдан көшірілді. Содан бастап Сарыарқа төсінде жаңа қала дүниеге келді.

Шара флешмобтан басталды. Кейін, “Рухани жаңғыру” және “Астана” жазулары бар жалаушалар табысталды. Тулардың бір бөлігі астананың құрдастарына берілді. Қалғандары 19 ауылдық округ әкімдеріне үлестірілді.

Ербол Багенов – Бескөл ауылдық округының әкімі, Қызылжар ауданы:

– Мерекеге орай көптеген шара өткізу жоспарда бар. Конференция, дөңгелек үстел жиындары, концерттер ұйымдастырылады. Астана – еліміздің жүрегі. Қазіргі таңда әсем қаланы әлем біледі. Қазақстанның мақтанышы – көрікті Елордамыз жайнай, жарқырай берсін.

Тағы, шара барысында авто шеру өтті. Көлік мінген қатысушылар Бескөлді аралап шықты. Кейін, ауылдық округ орталықтарына аттанды. Айта кетейік, бұл күні Астананың 20 жылдығы өңіріміздің әр ауданында мерекеленді.

Култанов Байболат