Мәдениет

Астананың 20 жылдығына орай облыстық филармонияда мерекелік концерт өтті

Қайырлы Ғафуров – Сегіз сері атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:

– Бағдарламада әр түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленеді. Сондай-ақ, облыстық филармонияның жоғары дәрежедегі әншілері өнер көрсетеді.

Елорданың дамуын қазақстандықтардан бөлек, шетелдіктер де мойындауда. Өйткені, бас қаламыз – әлемдегі ең жас астаналардың бірі. Бұндай концерттік бағдарламалар ел көлемінде ғана емес, шетел сахналарында да ұйымдастырылмақ.
Тура 90 жыл бұрын қазақ әндерін Майндағы Франкфуртта әуелеткен Әміре Қашаубаевтың жолын қуып, Сегіз сері оркестрінің кішігірім ұжымы жуырда Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай Германияға жол тартты. Олар Берлин мен Франкфуртте бірқатар ұлттық күйлерімізді орындап, жергілікті тұрғындарға өз өнерлерін паш етпек.

Атап өту қажет, бұған дейін де жерлестеріміз Франция, Біріккен Араб Әмірлігі, Кипр, Ресей мен Германия елдерінде өнер көрсеткен болатын.

Асхат Ғалеев – “Сегіз сері атындағы қазақ аспаптар оркестрінің домбырашысы:

– Өте жақсы қабылдайды. Жылы лебізбен қарсы алады. Қандастарымыз да қолдап, қолпаштауға келеді.

Бұдан бөлек, “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында тағы 34 солтүстікқазақстандық өнерпаз Қытай мен Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласына концерттік бағдарламамен бармақ.

– Бүгінгі концерт өте жоғары деңгейде өтті. Маған ұнады. Ерекше сезімде қалдым.

– Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра” демекші бүгін ұлттық аспаптарымыздың сүйемелдеуімен шырқалып жатқан тамаша әндерді тыңдап, мың бұрала билеген бишілердің өнерін тамашаладық.

 

Эльмира Садвокасова