Қоғам

Жаңа жыл қарсаңында шыршаларды күзету күшейді

Шыршаларды тек ұйымдар мен мекемелердегі мәдени шаралар және таңертеңгіліктер үшін ғана кесуге рұқсат етілген. Тыйымға қарамай қарағайға балта тигізуді көздеген азаматтардың ойы орманшылыққа кіре берісте-ақ сәтсіздікке ұшырайды. Неге десеңіз, әр алқапта арнайы бекеттер орналасқан, кіріп-шығып жатқандар мұнда тіркелуге міндетті. Облыс бойынша шыршаларды 27 бекет пен 89 мобильді топ күзетеді.

Тимофей Боярский – Қызылжар орман шаруашылығының қорықшысы:

– Әр екі-үш сағат сайын рейд жүргізіп отырамыз. Орманда бейтаныс біреулер кездескен жағдайда ағашты кесуге тыйым салынғанын түсіндіріп бағамыз. Автокөліктерді тоқтатып, жүксалғыштарын тексереміз. Көбі біздің жұмысымызға түсінушіліпен қарайды, кейбірі ашуланып, шағымданып жатады.

Жалпы алатын болсақ, соңғы үш жылдың ішінде өңірдегі ормандарда заңсыз шырша кесу фактісі тіркелмеген. Қолға түскен жағдайда тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Василий Лабанчук – СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Шыршаны заңсыз кесушілер 300 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 75 тәулікке қамауға алынады. Бұдан бөлек шабылған әр шырша үшін 15 АЕК көлемінде шығын өтейді. Бұл 34 мың теңге шамасында.

Ал, жаңа жылды табиғи шыршасыз елестете алмайтын азаматтар сәл шыдамдылық танытуы тиіс. Жуырда сатылымға ресейлік шыршалар әкелінбек. Алайда, атой салып, сатып алмас бұрын, қажетті құжаттарды тексеріп алуға кеңес береді орманшылар.

 

Саят Ермек