Спорт

Петропавлда кикбокстан дәстүрге айналған 18-ші республикалық “Қызылжар” турнирі бастау алды

Алишер Сүлейменов – турнирге қатысушы, Алматы қаласы:

– Кикбокспен айналысқаныма 5 жыл болды. Бүгін міне Қазақсатн Чемпионатына қатысып отырмын.

Бұл бәсекеде еліміздің түрлі өңірлерінен келген 150-ге жуық қатысушы бақ сынасуда. Барлығы – спорт шеберлері мен осы атақтан үміткер спортшылар. Дәстүрге айналған турнир Қазақстанда 18-ші мәрте өткізілуде.
Азамат Нұрпейісов бүгінгі жастарға үлгі боларлықтай жан. Жарысты тамашалауға оның туған-туыстары да келді.

Альбина Нұрпейісова – Азамат Нұрпейісовтің жұбайы:

– Осындай шараны ұйымдастыруға ат салысқан адамдарға үлкен алғысымды білдіремін. Турнирде Азаматтың жақындары мен туыстары жиналған. Азамат өте мейірімді, сабырлы адам болды. Бүгінгі қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Бүгінгі турнирде жеңгендер жартылай финалға жолдама алады. Чемпионат үш күнге жалғаспақ.

 

Молдир Макишева