Мәдениет

Өңірімізге гастрольдік сапармен ҚР-ның мемлекеттік академиялық би театры келді

Гүлфида Ғафурова – ҚР мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстрі:

– Сіздердің қалаларыңызда өнер көрсету – біз үшін үлкен қуаныш. Бұл жолы біз үлкен бағдарламамен келдік. Петропавлға дейін Тараз, Өскемен, Курчатов қалаларында өнер көрсеттік.

Концерт екі бөлімнен тұрады. Бірінші жартысында «Скифы Южные ночи» атты қойылмның тұсауы кесілді. Бұл туындыда нубийлік құл мен ханшайым арасындағы махаббат жайлы айтылған. Екі жастың қосылуына қыздың әкесі қарсы болады. Десе де, шын махаббат жеңіп, әділдік орнайды. Нубийлік құлдың рөлін Мәди Қасымов сомдады.

Мәди Қасымов – ҚР мемлекеттік академиялық би театрының әртісі:

– Балетке 9 жасымнан бастап қатысамын. Бұл рөлді сомдау мен үшін қиынға соққан жоқ. Осы туындыны біз Қазақстанның басқа да қалаларында қойдық. Теріскейлік қауымның көңілінен шықты деп ойлаймын.

Бұл күні зал көрермендерге толы болды. Бір жарым сағатқа созылған қойылымды өнерсүйер қауым ұйып тыңдады.

– Балет көңілімнен шықты. Бәрі керемет өтті.

– Тамаша қойылымдар болды. Балет ұжымына алғысымды білдіремін.