Қоғам

Жаңа Жыл қарсаңында Петропавл ажарлана түспек

Дулат Шарапиденов – Петропавл қалалық әкімдігі ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлім басшысының орынбасары:

– Биыл аббаттандыру жұмыстары аясында 1500 қарағай және 6500 түп жабайы алма көшеті отырғызылды. Оларды 7 көшеттен 2 қатарға ұзыннан ұзақ бұталы қоршау ретінде орнанастырдық. Бұл талдардың барлығы иесіз қалған саябақтардан алынып, қала көшелері мен шеткері аудандарға егілді.

Жаңа жылда да қаламызды безендіруге ақша жұмсалмайды. Алайда, мерекелік көңіл күй орнату үшін бұрынғыдай алып шырша ойыншықтары, өзге де сәулеттік элементтер, аркалар, ғимараттарды жарықтандырғыш паннолар орнатылатын болады. ол үшін өткен жылдары алынған безендірулер мен иллюстрациялар қолданылып, жарамсыз қалғандары жөнделмек.

Дулат Шарапиденов – Петропавл қалалық әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Осы жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаланы безендіруге ақша шығындалмайды. Дегенмен, қаламызда үш жерде шырша орнатылмақ. Олар облыстық және қала әкімдіктері ғимаратының алды және 20-шы шағын ауданы. Сонымен қатар, Сүтішев, Жұмабаев, Жамбыл көшелерінде120 архитектуралық элементтер қойылады.

Жаңа жылға дайындық басталып кетті. Алайда, негізгі шыршалар желтоқсанның 20-на қарай орнатылмақ.

Молдир Макишева