МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы” атты дөңгелек үстел өтті

Ақмарал Жәмитова – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының «Қазақстан халқы Ассамблеясы және тілдік дайындық» кафедрасының профессоры:

– Бүгінгі күні қазақ елі Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп жатқан жайы бар. Бейбіт күндерді бастан кешудеміз. Осы күнді ары қарай жалғастыру ел перзенттерінің парызы деп білеміз.

Тағы, “Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы” атты дөңгелек үстел барысында өлеңдер оқылды. Шараға қатысушы жастар ақиық қазақ ақындарының туындылары мен өз шығармаларын жиналғандарға паш етті.

ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты Ержан Жолшы “Мен Қазақпын” атты туындысын оқуда. Жас ақын өлең жазуға бала күнінен әуес екен.

Ержан Жолшы – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты:

– Өлеңді 13 жасымнан жазамын. Бүгінгі кешке Тәуелсіздікке арналған туындымды әзірлеп келдім. Жүрегімнен шыққан шығармам.

Жалпы, шарада 10 шақты жас дарын Отанға, Туған жерге, Астанаға арнаған өлеңдерін оқыды.

 

Култанов Байболат