Денсаулық сақтау

Елімізде ЖИТС-пен күрес айлығы жүріп жатыр

Аделина Қожағұлова – “Бэст” мектеп-гимназиясының оқушысы:

– Әрине, ЖИТС күн сайын көптеген адамдардың өміріне балта шабуда. Алайда, адамның иммун тапшылығы вирусы азаматтың жақын арада көз жұматынын білдірмейді. Олар ауруға шалдыққаннан кейін 10 жылдай өмір сүре алады. Ал, біз өз кезегімізде бұндай жандарға көмектесуіміз қажет.

15 қарашадан елімізде ЖИТС-пен күрес айлығы бастау алды. Бір ай көлемінде білім ошақтарында осындай дөңгелек үстел отырыстары мен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бастысы – індеттің салдары мен салауатты өмір салтын жастардың есіне тағы бір мәрте салу.

Әнипа Мұсұлманбекова, СҚО білім басқармасының бас маманы:

– Шараның мақсаты – жастарды ЖИТС пен АИТВ сынды аурулардан қорғау. Сондықтан, білім ошақтарына барып, осындай шараларды өткіземіз. Балаларға індет туралы барлық қажетті ақпарат береміз. Себебі, әр адамның сау болып өмір сүруіне құқығы бар.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың жарты жылында Қазақстанда АИТВ-ға шалдыққан 1 мың 430 адам тіркелген. Азаматтардың басым бөлігіне індет жыныстық жол арқылы жұққан.

 

Эльмира Садвокасова