Мәдениет

Халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты Біржан Есжанның «Ән-Аманат» атты кеші өтті

Оның қазақ әндерін нақышына келтіре орындап, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүргеніне 10 жылдың жүзі болған. Біржанның қоңыр үні жас буынға қайсарлық пен рух сыйласа, аға буын өкілдері жастық шақтарын еске түсірді.

Біржан Есжан – облыстық филармония солисті:

– Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай өзімнің «Ән-Аманат» атты ән кешімді бергенді жөн көрдім. «Ән-Аманат» бабаларымыздан қалған ұлттық өнеріміз.

Бүгінгі кеште Қарағанды, Астана, Шымкент қалаларынан арнайы келген қонақтар да болды. Солардың бірі сахнадағы, әрі өмірдегі досы Республикалық оркестрінің солисті Айзат Қарабекова. Нәзік жанды Біржанмен өнер мектебінде бірге оқыған екен.

Айзат Қарабекова – Республикалық оркестрінің солисті, Астана қаласы:

– Біржан өмірдегі досым. Бүгін мен «Дудар-ай» әнін орындадым, халық жақсы қабылдады.

Сонымен қатар, Біржан Есжанның жеке концертіне оның тәлімін алған шәкірттері де келіпті.

Коля Құрметбек – Біржан Есжанның шәкірті:

– Біржан аға біздің ұстазымыз. Көптеген өлеңдерді бізге дарытып жатыр. Өзіміздің жас жыршыларымыз, ақындарымыз көбейсе нұр үстінен нұр болады.

Кешке жиналған халық әншілердің өнеріне сүйсініп, шығармашылығына тәнті болды.

– Маған “Дудар-ай” композициясы ұнады. Кеш жоғары деңгейде өтті. Жырауларымыз бен ақындарымыздың әнін тыңдап, қуанып қалдым.

– Біздің концерттен алған әсеріміз мол. Осындай концерттер жиі ұйымдастырылып отырса, жақсы болар еді.

Кеш соңында көрермендерге қазақ халқының “жеті қазынасы” көрсетілді.