МТРА жаңалықтары

Бизнесменнің қайырымдылығы

Петропавдағы алғашқы зәулім үйлерді тұрғыза бастаған да осы Казградстро НС компаниясы. Оның куәсі “Мечта”, “қызылжар “Дуэт” кешендері. Кезекте “Аққайың” жобасы тұр. 18 қабатты үйді компания 3-ші емхананың маңынан наурыз айында тұрғыза бастайды. Ол жердегі баспананың шаршы метрі 140 мың теңге болмақ. Бұнымен жаңашылдықтар аяқталып қалмақ емес. Жоспарда – Набережный көшесін адам танымастай ету.

Александр Авдеев, “Қазградстрой – НС” ЖШС директоры:


– Жағажайдан бастап шипажайға дейін саламыз. Набережный көшесіндегі жол бойына 6-7 25 қабатты үй тұрғызамыз. Жер асты паркингін салып оның жанынан балалар алаңқайын орнатамыз. Есіл өзеніне дейін 170 метр қалады. Бұл аралыққа демалыс аймағын жасауға болады. Түрлі әткеншектер орнатып, өзеннің өзін жақсылап тазарту керек. Жағалауға да елордадағыдай етіп кеспе тас төсеп қоямыз. Осылай өзен жағалауын әдемі әсем қыдыру алаңына айналдыруға болады. Ол жерге жарықшамдар орнатып, жерлестеріміз демалаьтын әсем жер етеміз.

Көздің жауын алатын әсем тұрғын үйлер көбеюде. Еңсесі төмен, ескі үйлердің орнын биік-биік су жаңа баспаналар басып жатыр. Ал, сұрқы қашқан жер үйлердің тұрғындары қайда барады? “Қазградстрой” компаниясы бұл сұрақты ешқашан жауапсыз қалдырған емес. Мәселен, қаладағы құрылысымен ерекшеленген мына “Қызылжар” кешенін тұрғызу үшін қала келбетін бұзып тұрған жер үйлерді сырылған. Ал, үйіндіге айналған 48 шатырдың тұрғынына көпқабатты үйлерден пәтер берілді. Нәтижесінде, құда да құдағи да разы.

Лариса Рьянова, қала тұрғыны:

– Қазградстрой серіктестігіне, оның жетекшісі Алесандр Иванович Авдеевке үлкен алғыс білдіремін. Көмек қолын созып, тегін көшіріп жатыр. Өмір бойы риза болып өтемін. Жаңа пәтерім кең, әдемі, ұнайды.

“Қазградстрой” компаниясы нысанды салып болған соң біздің шаруа бітті деп құрылыс алаңынан бір жола ізін суытатындардың қатарынан емес. Тұрғындар қоныстанғаннан кейін де сөйлесіп, олардың талап тілектерін ескеру керек. Бұл- Александр Авдеевтің ұстанымы. Мәселен мына бейнежазбада компания қызметкерлері Гүлзәуреш Үсеноваға жуатын шаңсорғыш сыйлауда. Әже серіктестік салған “Мечта” кешініне 3 жыл бұрын көшіп барған. Тек былтыр аулада кілемімді қағатын орын жоқ деп шағымданыпты.

Александр Авдеев, “Қазградстрой – НС” ЖШС бас директоры:


– Сіздер жаңа үйді салдыңыздар, енді кілем қағатын жер жоқ деді. Арнайы орын болу керек. Мен асфальт төсеп, аранайы темір діңгектер орнатуды ойластырдым. Одан қарағанда жууға арналағн шаңсорғыш әперген оңайырақ. Алып келдік, Апа бақытты. Кілем қағатан темір одан өзге ешкімге керек жоқ. Осылай тұрғындармен сөйлесу керек, жақын араласып көңілін табу керек.

Компания басшылығы балабақшалар мен баспаналар тұрғызып қана қоймай, спортшылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілерін де қолдап, қарттардың коммуналдық шығындарын төлеп берумен айналысады. 2005 жылы қаладағы Вознесения Господня шіркеуін тұрғызу үшін 10 миллион теңгесін қиса, арада бес жыл өткесін Әулие Петр мен Павл храмының қалыпқа келтірілуіне де қаражат бөлген. Ал, 2006 жылы жерлесіміз 13 ғасырда Мысырды билеген Бейбарыс Сұлтанның мазарын жаңғыртуға бір миллион доллар жібергенін еске алады. Жат жерде жүріп сұлтан болған қандас батырға арналған киелі орын Дамаскіде орналасқан. Жақында ауқымды тендер ұтқан компания мұндай игі істерді жүзеге асыруды жалғастыра бермек. Бизнес әлеуметтік тұрғыда да жауапты болу керек дейтін компания басшысы соңғы 10 жыл ішінде қайырымдылыққа бір миллиард теңгеден артық қаражат жұмсаған екен.

Акбопе Танирберген