Әр түрлі

Биыл теріскейге нағыз қыс кешеуілдетіп келмек

Эльмира Сәдуақасова – тілші:


– Күнтізбеде желтоқсанның 5-ші жұлдызы. Алайда қыс қаһарын танытар емес. Ауа температурасы минус 3-4 шамасында ғана. Үлкендер мен кішілер үшін Жаңа Жылдық көңіл-күй сыйлайтын қар да жоқ. Бұған қарамастан, борандар мен бұрқасындардың ауылы алыста емес.

Бұндай көрініс әдетте қазан-қараша айларында орын алатын. Сондықтан, қыстың бірінші айында қар орнына қара жер болады деп ешкім ойламаған шығар. Десе де мамандар ауаның орташа айлық температурасы минус 12-14 шамасында болатынын болжап отыр. Термометрдегі бұндай көрсеткіш айдың бірінші онкүндігінде де сақталады.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің жетекшісі:

– Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 15-20 градус аязға, кей жерлерде 10 аязға, күндіз 3-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Үшінші онкүндікте ауа-райы айтарлықтай өзгере қоймайды. Метеоболжам бөлімі мамандарының сөзінше ауаның температурасы түнде 25-33 градус аязға, ал күндіз 15-20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің жетекшісі:

– Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшер шамасында болады. Мөлшері 16-27 мм. Бірінші онкүндіктің соңында, екінші және үшінші онкүндіктің бірінші жартысында ке жерлерде қар, бұрқасын болады, батыс бағытынан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді.

Тарихқа көз жүгіртсек желтоқсан айындағы ең суық күн 1968 жылы тіркеліпті. Ауа температурасы ол жылы -43ке дейін төмендеген. Ал, 1959 жылы теріскейде +5 градустай жылы болған.

 

Эльмира Сәдуақасова