Спорт

Жерлесіміз Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған жарыс өтті

Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында өңіріміздің спорт саласында елеулі із қалдырған Азаматты жиналған қауым ерекше сағынышпен еске алды. Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азия және әлем чемпионатының күміс жүлделерін ұтып алған. Италиядағы әлем біріншілігінде тұңғыш рет көк байрағымызды желбіреткен алып тұлға жақындарының есінде осындай қүш-қуаты тасқан кейпінде қалмақ.

Арман Ахашов- бас төреші:


– Азамат Нұрпейісов осы әскери инститтуттан түлеп ұшқан болатын. Осы турнирді өткізу арқылы біз жастардың арасында отансүйгіштікті насихаттап, елін, жерін қорғайтын азамат болыңдар дегіміз келеді. Тек осындай турнирлерде ғана біздің курсанттар өздерінің ерік жігерлерін тәрбиелеп, мемлекетіміздің қорғаушысы болуыға дайындала алады.

Бұдан соң, батыр Азамат Нұрпейісовтің ерліке толы ізін жалғап келе жатқан 55 келі салмақтағы қос қыранымыз, шаршы алаңға шықты. Мұнда әскери институттың 3 курсында оқитын Мерей Өмірсерік пен оның курстасы Бекмамат Нұрмаматов иық тірестірді. Екі қарсыласта бір-бірінен өтеді. Алғашқы минуттардан-ақ Мерей қарсыласы Бекмаматқа жойқын соққыларын жаудыртты. Осылайша алшысы оңынан келіп қарсыласынан 10:4 есебімен басым түсті.

Мерей Өмірсерік- турнирге қатысушы:


– Ширек финалдағы қарсыласым 2-ші курстың курсанты болды. Оны 13:3 айқын есебімен жеңдім. Ал бүгінгі қарсыласым Қырғызстан Республикасының тумасы. Бір-бірімізді бұрыннан білеміз, бірақ еш жерде белдесіп көрмеппіз. Алдағы мақсатым турнирде жеңіп, алтын медаль иелену.

Бұл жарыста 8 салмақ дәрежесінде 72 қоян қолтық ұрыс шеберлері бақтарын сынай алды. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль және кубоктармен марапатталды.

Саят Ермек