Қоғам

Желтоқсанның 7 облыс орталығында өңірлік жастар форумы өтеді

Абылайхан Қайролла – “Жас Отан” ЖҚ СҚФ төрағасы:

– Форумға қатысушылар онлайн тіркеле алады. Гуглде куар код болады. Сол арқылы тиісті электрондық мекен жайға өтіп, онда аты-жөнін, қызметін, электрондық мекен жайын қалдыру керек.

Спикерлердің айтуынша, форумға 16 -29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Түйіні тарқамай жүрген мәселелерді жастар сол жерде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов, “Нұр Отан” партиясының өкілдері, Мәжіліс депутаттарына жеткізе алады. Ол үшін бірнеше пікірталас алаңы құрылады.

Ирина Тухватулина – облыстық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының басшысы:


– “Ойдың күші” секциясында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланады. Екінші секциялық отырыста солтүстікқазақстандықтар елге және облысқа танымал спортшылармен кездеседі. Онда спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткендер өз ойларымен бөліседі. Үшіншісінде, жастар саясатына қатысты жаңа идеялар көпшіліктің талқысына салынады.

Сондай-ақ, басқосуда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жоспарлар айқындалмақ. Форум аясында жастар саясатында белсенділік танытып жүргендер марапаталады.

Берік Қасен