Қоғам

Петропавлда казак мәдениетінің фестивалі ұйымдастырылды

Виктор Таранов – «Сібір казактары» ҚБ атаманы:


–  Ерте күндерді Наурская астанасына жаулар шабуыл жасапты. Бұл кезде казак атамандары соғысқа аттанған екен. Тарихи деректерге сүйенсек, әйелдер ер адамдардың жоқтығын білдірмей, шаһарды өздері қорғап қалған екен. Осы оқиғаға байланысты казачка мерекесі аталып өтілетін болған. Дәстүрді бұзбай біз де шараны ұйымдаструды жөн санадық.

Казачка мерекесі жылда дүркіреп өтеді. Бұл дәстүр биылда сақталды. Сахнада ұлттық киімдерін киген казактар ән салды. Мың бұралып би де биледі. Әсіресе, ортада өнер көрсеткен «Звонница наследие» ансамблі көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Даниил Пономарев – «Звонница наследие» ансамблінің мүшесі:

– Бұл мерекеде бізде өз шығармашылығымызды көрерменге тарту етеміз. Біз “На дудке” әнін айтып би билейміз.

Тағы, бүгінгі кеште биыл нәрестелі болған жас казак жанұяларына «Атаман» мақтау қағазы табысталды. Былтыр мұндай құрметке 7 бірдей отбасы мүшелері бөленіпті.

Молдир Макишева