Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тұңғыш Президент күні Есіл ауданында бірқатар нысандар ашылды

Ел үмітін ақтаған Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан дамып, көш бастаушы мемлекеттер қатарына қосылды. Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақ елі көпке үлгі бола алатын дәрежеге жетті. Елмен бірге өңіріміз де өсіп-өркендеп келеді. Ұлт көшбасшысының тапсырмаларын орындауға қызу кірісіп кеткендердің арасында Есіл ауданының кәсіпкерлері де бар. Олар Елбасы ескерткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, жұмысшыларын баспанамен қамтуда.«Заградовское» серіктестігі биыл 3 қызметкеріне үй салып, тағы ауылдағы мәдениет үйін қалыпқа келтірген.

 

Міне, 20 жыл қаңырап бос тұрған Заградовкадағы мәдениет үйінің бүгінгі келбеті осындай. Ауқымды жөндеуден өткен нысан адам танымастай өзгерген. Оның ашылу салтанатына аудан басшысы Мұратбек Әбішев қатысып, ауылдықтарды осынау маңызды шарамен құттықтады.

Мұратбек Әбішев – Есіл ауданының әкімі:


–  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Атамекен» жобасын жүзеге асыру үшін осы мәдениет үйі қолданысқа беріліп отыр. Бұл жоба меценаттардың, кәсіпкерлердің туған жерін, ауылдарын гүлдендіруге ат салысуға бағытталған. Сондықтан Тұңғыш Президент күні «Заградовское» серіктестігінің қолдауымен ашылған нсыан жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, шығармашылық ұжымдардың көптеп ашылуына жағдай жасамақ.

Құттықтаудан соң аудан әкімі мәдениет үйіне картина сыйлаып, салтанатты түрде оның таспасын қиды.

Кейін сахнада мерекелік шара ұйымдастырылып, «Заградовское» серіктестігінің басшысы Иван Фисенкоға әлеуметтік жауапкершілігі үшін белсенді меценат дипломы мен «Жомарт жүрек» наградасы табысталды.

Мұндай марапатқа Иван Фисенко шынымен лайық, оны кәсіпорын басшысы бірнеше жылдан бері сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді. Мәдениет үйін қалыпқа келтіріп қана қоймай, ол 3 бірдей қызметкеріне үй салып берген. Салтанатты жиында оларға да баспана кілттері табысталды. Мына 4 бөлмелі үйде Евгений Крюков ата-анасымен тұратын болады. «Заградовское» ЖШС автопаркінің механигі осыған дейін жұмысқа өзге ауылдан келіп жүрген екен.

Евгений Крюков – «Заградовское» ЖШС автопаркінің механигі, Есіл ауданы:

– Осыған дейін Тонкошуровка ауылында тұрдық. Ол бұл жерден 10 шақырым жерде орналасқан. Бірақ қазір онда үйлер азайды, мектеп, дүкен, тиісінше жұмыс та жоқ. Мен 12 жылдан астам уақыттан бері осында келіп жұмыс істеп жүрмін. Әрине, баспана беріп жатқанына өте қуаныштымын. Өте жайлы, кең, үйіміз жылы. Түсқағаздарын өзіміз таңдадық. Жоспарларым да көп.

Қалған екі баспанананың әрқайсысы 3 бөлмеден. Әр үйді салуға аграрий 8-10 млн теңге қаржы жұмсапты. Соңғы жылдары ол еңбекерлеріне 9 баспана тұрғызған.

Иван Фисенко – «Заградовское» ЖШС директоры, Есіл ауданы:


–  Жыл сайын біздер жұмысшыларымызға 2-3 үйден салып береміз. Өйткені, ауылдағы үйлердің көбі ескірді. Оларды да жаңарту керек. Бқрын үйлерді тегін беретінмін. Мына баспаналарды жалға беріп отырмын. Ол қызметкерлердің өзімізде қалып, жақсы жұмыс істеуі үшін жасалған. Құрылыс жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз. Болашақта барлық үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуды көздеп отырмыз. Әзірге, оған тек 60 шақты үй мен әлуемттік нысандар қосылған. Тағы су тартып беруді де жоспарлап қойдық.

Тағы серіктестік консерві цехын ашқан. Мұнда алдағы уақытта 3 адам жұмыспен қамтылмақ.

Андрей Фисенко – «Заградовское» ЖШС директорының орынбасары, Есіл ауданы:

 

– Қондырғыларды Челябіден әкелдік. Оған 13 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыд. Арнайы тапсырыспен жасадық. Өйткені біздің өндіріс ауқымды емес. Шағын. Біздер әзірге үлкен нарыққа шығуды жоспарлап жатқан жоқпыз. Тәулігіне мұнда бұқтырылған еттің 600 консервісі шығарылатын болады. Сондықтан тек өзімізге жеткілікті мөлшерде ғана дайындаймыз. Банкаларды Теміртаудан алдырттық. Ал қаптамасын өзімізде дайындаймыз. Жалпы біздер сапалы, дәмді өнімді жасауды көздеп отырмыз. Тағы етті ешқайдан алмаймыз. Шаруашылықтағы ірі қараны қолданатын боламыз.

Бұқтырылған ет жасайтын мамандар арнайы оқудан өтіп, істиің қыр сырына үйренген.

Мағжан Ахмадина