Балалар

СҚО-да “Бірінші бол” акциясы өтті

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Алмат Оразов қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің Петропавл әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушісі. Оның айтуынша, еліміздің әр азаматы Тұңғыш Президентіміз жайлы және оның ел тәуелсізідігі жылдарында атқарған абыройлы қызметі туралы білуі шарт. Ал, бұл мағлұматты отандастарымыз ең алдымен Елбасымыздың өзі жазған туындылардан таба алады.

Алмат Оразов – ҚР Қорғаныс министрлігінің Петропавл әскери-техникалық мектебінің оқушысы:

– Тарихын білмеген азамат алға жылжымайды деп есептеймін. Өйткені, тарихтың негізі сонау ертедегі хандардан қаланса, ал бүгінгі тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол жайлы толық ақпарат алып, танысып білу әр бір қазақстандықтың міндеті деп білемін.

Жалпы, аталған шараға ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының және Әскери техникалық мектебінің 50-ге тарта курсанты қатысуда. Олар қолдарына Елбасы жайлы жазылған шығармаларды алып, ондағы бірер үзіндіні талқылады.

Роксана Орынбасарова, СҚО Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы, акция по области:

– “Бірінші бол” акциясы өңіріміздің барша кітапханалары, білім ошақтары мен оқу орындарында өткізілуде. Жалпы, аталған шараның басты мақсаты – Елбасының төл туындылары мен ол туралы жазылған кітаптарды насихаттау болып табылады.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қорында 208 мыңға жуық туынды бар. Оның 50-ден астамы Елбасы жайлы.

Тогжан Акмагамбетова