Қоғам

ҚР Тұңғыш Президент күні өңір өнерпаздары петропавлдықтарға концерт ұйымдастырды

–  Еліміз үздіксіз даму үстінде. Алдыңғы қатарлы мемлекеттермен терезесі тең болып келе жатыр. Соған қуаныштымын. Біз жастар Н.Назарбаевтың табысты ісін одан әрі жалғастырамыз.

Бүгінгі мерекені көппен бірге көруге М.Жұмабаевтың немере інісі Тасболат Бекенов те келген. Орталық алаңда жұбайы Сара апайымыз екеуі жүр. Ақиық ақынның ұрпағы Елбасына ұзақ ғұмыр тілеп, Н.Назарбаевтың сара жолын жастардың жалғауына тілектестігін білдірді.

Тасболат Бекенов – Мағжан Жұмабаевтың інісінің баласы:

– Тұңғыш Президент мерекесі құтты болсын. Н.Ә.Назарбаев бізге жаңа астана салып берді. Бұрынғыдай емес, халықтың тұрмыс жағдайы түзелді. Не кием не ішемін демейді. Дүкенде бәрі толып тұр.

Сара апайымыз да еліміздің дамуына ризашылығын білдіріп,әсіресе атағы жер жарған “ЭКСПО” халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде өткеніне қуанышты. Кейуана “Қазақ” атын әлемге танытуда орасан үлес қосып жүрген ел ағаларына зор алғысын білдірді.

Сара Бекенова – Мағжан Жұмабаевтың немере келіні:


–  Президентімізге ырзамыз. Жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп жатыр. Өзге ұлтпен татумыз. Орыс, қазақ деп бөлінбейміз. Биыл “Экспо” халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтті. Елбасының жолын жастарға берсін.

Қазіргі таңда ішкі тұрақтылық басты назарда. Мемлекет басшысы 26 жыл бойы тутлықты ту етіп ұстап келеді. Елімізде тұрып жатқан сан алуан этносқа тең жағдай мен мүмкіндік жасалған. Тәуелсіз елімізде өзге ұлт өкілдері ештеңеден таршылық көріп отырған жоқ. Жерлестеріміз керісінше барлығымен қатарласып молшылықта тұрмыс кешіп жатқандығын тілге тиек етуде. Олар Тұңғыш Президентке ризашылығын білдіріп, Н.Назарбаевтың зор еңбегін жоғары бағалаймыз деді.

Равил Валеев:

– Мен көп елдерде болдым. Барған жерімде ылғи Қазақстанды өзге мемелекеттермен салыстырып жүремін. Барлық жағынан алып қарағанда, еліміз өзгелерінен көш ілгері келеді. Түрлі салаларда өсім байқалады. Кезінде тұралап қалған ірі зауыттардың тамырына қан жүгірді. Жаңа өндіріс ошақтары ашылуда. Тапсырыстар саны ұлғайды. Техника мен азық-түлік өнімдерінің жаңа түрлерін өзімізде өндіретін болдық. Әсіресе, ауыл шарушылығына қаржылай қолдау күшті. Мұның бәрі жетістік. Мен тыл еңбеккерімін. Қазіргі өмірді, бейбітшілікті адамдар бағалауы тиіс.

Эльза Крамаренко – қала тұрғыны:


–  Н. Назарбаевтың жұмысы әрдайым жемісті болуын тілеймін. Мен Елбасымды, өз елімді сүйемін. Кіндік қаным осы жерге тамды. Ата-бабам аққайыңдар өлкесінде жерленген. Мен Қазақстанан алшақ кетпеймін. Бала-шағам, немерелерім осында өсіп келе жатыр. Президент тұрғындардың әл-ауқатына ерекше көңіл бөледі. Аяғыма үш рет протезді тегін салып берді. Бұл қарапайым халық үшін үлкен көмек. Елімізде молшылық болсын.

– Н. Назарбаев – дана көшбасшы. Бүгінде саясатпен қатар, бітімгерлік миссиясын қатар алып жүр. Көрші елдермен тату. Қырғызстан мемлекетіне көмектесуде. Сириядағы жағдайды біржақты етуге атсалысып жатыр. Таяу Шығыстағы, Украинадағы болған жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Ондағы адамдар кедейдің күйін кешіп, басқа мемлекеттерге босып кетіп жатыр. Сондықтан мен үшін бірліктің құны жоғары.

Алаңға келушілер көңіл көтере жүріп “Ақ тілекпен, Елбасына” акциясына қатысты.
Олар Шара аясында суретке түсіп, фотоларын инстаграмм әлеуметтік желісіне
жүктеді. Сайыс жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болмақ.

Берік Қасен