Білім

Петропавлда “Ұлы дала мұрагері” атты күй флешмобы өтті

Айнагүл Темірханова – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің көркемдік жетекшісі:


–  Бүгінгі іс-шарада “Ұлы дала мұрагері” домбырашыларының флешмобы өтті. Дәстүрге айналған іс-шара, үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Флешмобқа 27-і адам қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сабақтан тыс уақыттарын шығармашылық үйірмелерінде өткізеді. Мәселен Ғалия Зейнетжанның домбыраны серік еткеніне 6 жыл болыпты. Музыка сыныбында күнде дайындық жүргізіп, жаңа күйлерді меңгереді. Бүгін ол да өз өнері арқылы қайырымдылық шарасына үлесін қосты.

Ғалия Зейнетжан – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Қайырылымдылқ іс-шараның негізгі мақсаты жас буындыларды қазақтың әдет–ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени құндылықтарын бойына сіңіру.

Дәл осы сауда үйінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен олардың ата-аналары ұйымдастырған жәрмеңке қанат жайған. Мұнда жастар жасаған картиналар, жастықтар, тоқылған киім-кешектер саудаға шығарылды. Айта кетсек, шара аясында жиналған қаржы аз қамтылған, есту қабілеті нашар балаларға, қарттар үйін паналаушылар мен мүгедектердің мұқтажына жұмсалады.

Берик Касен