МТРА жаңалықтары

СҚО тарихи-өлкетану музейіндегі ҚР Тұңғыш Президенті залы жаңа экспозициялармен толықты

Бүгінде түрлі саланың тұтқасын ұстап жүрген жерлестеріміз Тұңғыш Президентпен кездесу барысында алған әсерлерін кезекті рет еске түсіріп, жиналғандармен бөлісті. Орхан Сөйлемез Н.Назарбаевтың халықаралық саяси сахнадағы рөліне ерекше тоқталды.

Орхан Сөйлемез – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

– Н.Назарбаев өте тәжірибелі көшбасшы, саясаткер. Азербайжанның Армениямен арадағы мәселесін шешеді деп ойлаймын. Бір-екі жыл бұрын Түркия мен Ресей арасындағы байланысты жақсартуға дәнекер болды.

Дөңгелек үстел жиынында үлгілі агроқұрылым басшылары, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер сөз алып, Елбасы жайлы жылы лебіздерін білдірді. Кейбіреуі Н.Назарбаевтың сүйікті әндерін шырқап, отырыстың сәнін келтірді.

Жиын соңында келушілер облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі ҚР Тұңғыш Президенті залын тамашалады. Ондағы жәдігерлер мерекеге орай жаңа экспозициямен толығыпты.

Жансұлу Бекенова – облыстық тарихи өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі:


– Мында Елбасының халықаралық жиындарда түскен фотолары қойылған. Бүгінде еліміз түрлі ұйымдарға мүше. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық қауымдастық та бар.

Сондай-ақ, осы күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Дәуірді өзгерткен адам” көрмесінің тұсауы кесілді. Мұнда Елбасының 26 жылда жүріп өткен жолы мен есіл еңбектері жайлы жазылған жинақтар қойылыпты.

Берік Қасен