Спорт

“Құлагер” ХК елордалық “Номад” құрамасына тағы да есе жіберді

Алайда, қарымта шайба көп күттірмеді. Араға тек 4 минут салып Номад есепті теңестірді. Шайба авторы 37-ші нөмірлі Георгий Дульнев.

Екінші кезеңнің соңғы минутында 9-шы нөмірлі елордалық құрама шабуылдаушысы Валерий Гурин қарсыласының қорғанысын бұзып, өз құрамасын алға шығарды. Үзіліске командалар 1:2 есебімен тарқасты.

Саят Ермек – тілші 9377 план:


– Ойынның соңғы кезеңі, жаңа ғана “Номад” құрамасы петропавлдық құлагерге үшінші шайбаны соқты, алайда алаң иелері өліспей беріспек емес. Алда әлі 20 минут ойын жатыр, сондықтан кездесу нәтижесін болжау қиын.

Есеп 3:1, Белан бастаған жігіттер қалып келеді. Алайда құлагерлік шабуылшы Сергей Жаворонков ойынның 48-ші минутында есепті 3:2 жеткізіп, жанкүйерлерге де, хоккейшілерге де үміт сыйлады. Алайда қалған уақытты құлагерліктер іске жарата алмады. Нәтижесінде кезекті жеңіліс.

Сергей Жаворонков – “Құлагер” ХК шабуылшысы:


– Екі кездесуде де 1 шайбадан жетіспеді. Ойын тең өтті. Алайда, голдық жағдайларды дұрыс жүзеге асыра алмаймыз. Осы бағытта әлі жұмыс жасау керек. Әлі ойындар бар, сондықтан жеңіске деген үмітіміз жоғалған жоқ.

Мадияр Ибрайбеков – “Номад” ХК қорғаушысы:


– Әр жеңіс жанымызға майдай жағады. Құлагер мықты команда, жақсы қарсыластық көрсетті. Оларды жеңу оңай болмады. Дегенмен, бапкерлер қойған тапсырманы 100 пайыз орындап шықтық.

Астаналық Номадпен өткен екі ойында да есе жіберген Құлагер қазір турнир кестесінде 51 ұпаймен үздік үштікті қорытындылап тұр. Келесі кездесулер 7 және 8 желтоқсанға белгіленген. Онда Құлагер командасы өз айдынында “Теміртау” құрамасын қабылдайды.

 

Саят Ермек