МТРА жаңалықтары

“Қазақтелеком” АҚ СҚОФ кезекті акцияның жеңімпаздарын марапаттады

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД коммерциялық директоры:

– Біздің қызметтерді 150 мыңнан аса теріскейлік пайдаланады. Ал бүгінгі ұтысқа “VIP-отбасы”, “Табысты отбасы”, “Зачетный интернет” және “Қауіпсіз ғаламтор” қызметтерін қазан мен қараша айларында қосқан жаңа абоненттер қатысты. Бас жүлде иегеріне су жаңа смартфон табысталады. Жеңімпаздарды арнайы бағдарлама бойынша кездейсоқ анықтадық.

Николай Данилов осыдан бірер ай бұрын үйіне “ВИП- отбасы” пакетін қосқан. Аталмыш акцияда жолы болып, басты сыйлық – смартфон ұтып алды.

Азаматтың қуанышында шек жоқ. Ал компания көрсететін қызметтің сапасын абонент жоғары бағалап отыр.

Николай Данилов – ұтыс ойындарының жеңімпазы:


– Қандай да бір ақау болса, қолдау қызметі әп-сәтте шешіп береді, қажет болса үйіме келіп тәптіштеп түсіндіреді. Сонысы жақсы. Менде ғаламтор, үй телефоны және телевидение қосылған. Жылдамдығы, сапасы – бәрі көңілімнен шығады. Бағасы да оңтайлы.

Бас жүлде өз иесін тапты. Ал басқа аталымдарда асығы алшысынан түскендерге мынадай девайс табысталды.

Саят Ермек – тілші:


– Жеңімпаз атанған абоненттердің дені мынадай ақылды сағаттар ұтып алды. Бүлдіршіннің қолына тағылатын бұл аспап – ұялы телефонның жеңілдетілген аналогы. Сағат арқылы баланың орналасқан жерін, қарым-қатынас ортасын бақылауда ұстап отыруға болады. Ал қосымша ретінде ұйқы мониторы және қадам есептегіш бар.

Тұрмыста пайдалы, ал қолданыста қарапайым бұл қондырғылардың бірі енді Жансая Марленованікі. Университет студенті сабаққа қажетті материалдарды табу үшін жатқаханадағы бөлмесіне “Зачетный интернет” пакетін қосқан. Енді жылдамдығы жоғары желінің шарапатын көріп отыр. Ал бүгін, тіпті, пайдаға кенелді.

Жансая Марленова – ұтыс ойындарының жеңімпазы:


– Қолданған кезде үзіліп кету, тоқтап қалу секілді ақаулар жоқ. Интернет жылдамдығы жақсы. Менің көңілімнен шықты.

Бұдан бөлек тағы 24 солтүстікқазақстандық ақылды сағат иегерлері атанды. Жалпы, үстіміздегі жылы “Қазақтелеком” АҚ қызметтер санын біршама кеңейткен. Олардың бәрі тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД коммерциялық директоры:

 


–  Жуырда біз “Супертелефон модильді 2+” пакетін іске қостық. Ол тегін қоңыраулар арқылы байланыс үшін ай сайын кететін отбасылық қаражатты біршама үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз ұсынатын телевидение қызметтері де сапалы. Каналдарды HD форматында тек теледидар арқылы ғана емес, смартфон, планшет,
компьютер арқөылы да тамашалуға болады. Бір сөзбен айтқанда, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін барлық жағдайларды жасаудамыз.

Сапалы әрі арзан! Компания ұстанатын басты ұран осы. Жылдамдығы жоғары әрі қауіпсіз ғаламтор желісі, сандық телевидение, ұтымды ұялы байланыстың пайдалданушысы атанып, жоғарыда аталған абонентер секілді сәтіңізді сынағыңыз келсе “Қазақтелеком” компаниясын ұсынған қызметтер пакеттерін қосыңыз!

Саят Ермек