МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясының құрамы толықты

Бұдан соң жетекші партияның жаңа мүшелерін қабылдау рәсімі басталды. Бүгін Нұротандық атанып, партбилетін алғандардың дені жастар.

Абай Жұбатханов Перопавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс істейді. Жас маман әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда жетекші партияның рөлі басым дейді. Сол себепті де, партия мүшелігіне өтуге шешім қабылдаған.

Абай Жұбатханов, Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:
– Нұр Отан партиясы мемлекетімізге көп үлесін қосып жатыр. 3:04 Нұр Отан партиясы бүгін елемізде үлесі зор. Өз еркімммен Нұр Отан партиясына қосылып отырмыз. келекшекте өз үлесімді де танытқым келеді.

“Жас Отан” ЖС ұйымдастырған шығармалар байқауының да қорытындысы бүгін жарияланды. Мектеп оқушылары “Туған жерім” тақырыбында ой толғатқан болатын. “Бэст” мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Айша Салықова бұл сайыста бірінші орынды иемденді. Оқушының таңдаған тақырыбы ерекше.

Айша Салықова, “Бэст” мекктеп-гиназиясының оқушысы:

– Мен сол тақырыпты таңдадым, себебі Ағынтай мен Қарасай батыр қазақ халқының тарихын дамытуға үлкен үлес қостым. Олар Отан сүйгіштіктің мысалы. МЕНің шығармам ерекше орын алғанына ерекше қуаныштымын.

Тұңғыш президент күні қарсаңында Петропавл қаласынан бөлек, Есіл және Қызылжар аудандарынан келген 15 азамат та партия билетін алды.

 

Акбопе Танирберген