Қоғам

Петропавлда «Жыл қолдаушысы» байқауының қорытындылары шығарылды

Олардың арасындағы ең жомартына осы кеште “Жыл қолдаушысы 2017” атағы берілмек. Жеңімпаздарды анықтау кезінде қаражаттың көлемі ғана емес, демеушілердің қаншалықты жиі жәрдемге келгендері де назарға алыныпты.

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:

– 2 жыл бойы “Жыл қолдаушысы” деген конкурс өткізілуде. Байқауда 6 номинация болады. Шараның басты мақсаты – бізідің облыста қайырымдылық шараларын дамыту.

«Тайынша-Астық» ЖШС – өңірдегі алдыңғы сапта жүрген іргелі кәсіпорындардың бірі. Олар дәнді және майлы дақылдар өсіріп қана қоймай, мал күтумен де айналысады. Түрлі қайырымдылық шараларға қатысып, жерлестерімізге көмек қолын созғаны үшін бұл ұйым бүгін «Жыл қолдаушысы» атағына ие болды.

Дмитрий Мелешкевич- “Тайынша – Астық” ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:

– Қайырымыдылықпен айналысу әр адам үшін маңызды. Сол себепті біздің кәсіпорын осындай шараларға жиі қатысып тұрады. Алдымен ауылдастарымызды қолдаймыз. Яғни, балабақша, мешіт, мәдениет үйінің күтіміне қаражат бөлеміз. Сонымен қатар, зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетеміз.

Мерекелік шараға “Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы” қоғамдық ұйымының президенті Есенғалий Ибраев та келген. Елден шалға жүрсе де жомарт жан атамекеніндегі мұқтаж жандарға қол ұшын созудан аянып қалған емес.

Сонымен қатар, бүгінгі шарада облыс орталығында мамыр айында өткен қайырымдылық балын ұйымдастыруға көмек көрсеткендер де назардан тыс қалмады. Демеушілердің әрқайсысы алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, қайырымдылық шаралары кезінде жиналған бар қаражат ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалмақ.

Молдир Макишева